Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 42 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

15 қарашадағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясынан 728 адам (коронавирустан (КВИ+) 573 науқас және коронавирус пневмониясынан (КВИ-) 155 адам) емделуде. 89 пациент стационарда жатса, 639-ы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

— 8 адамның жағдайы ауыр;

— 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;

— 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.