Қазақстанда бір тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда бір тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 66 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

— 9 қарашадағы мәлімет бойынша, 720 адам коронавирус инфекциясынан (–574 + және 146 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 70 пациент стационарда, 650 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр, — делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

7 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.