Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Оқиға болған кезде шахтада 106 қызметкер болды, 101 адам жер бетіне көтерілді. 5 адам (бағаналы бөлік жұмыскерлері) көтеру торларының жұмыс істеуі үшін қалды», — деп мәлімдеді әкімдікте.
Қазіргі уақытта шахтаның 4 қызметкерінің денесі табылды, 4 адам жер бетіне шығарылған соң Шахтинск қаласының Орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз