Pfizer вакцинасы Қазақстанда тек жүкті әйелдер мен балаларға қолжетімді болады

Pfizer вакцинасы Қазақстанда тек жүкті әйелдер мен балаларға қолжетімді болады

Pfizer вакцинасы Қазақстанда тек жүкті әйелдер мен балаларға қолжетімді болады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

— Бастапқыда кезеңде — қазан айында балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасы қолжетімді болады, сондықтан басқалар бұл вакцинадан үміттенбей-ақ қойсын. Қазір барып, екпе салдыртыңыздар. Бір аптадан кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Қытайдан тағы бір вакцина жеткізіледі, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған. Онымен де егілуге болады, — деді ол.