Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды

Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

— ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген. Еңбек жолын 2005 жылы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.