Руслан Искаков Қазақстан Даму Банкінің (ҚДБ) басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Qazaqpress.
— 26 қазанда «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі өз қалауы бойынша банктен кету туралы шешім қабылдаған басқарма төрағасы Искаков Руслан Викторовичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, Руслан Искаков ҚДБ басқарма төрағасы лауазымын 2022 жылдың ақпан айынан бастап атқарды.
Discussion about this post