ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, Алматы полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастады. Кәсіпкердің сөзі сарапталуда, деп хабарлайды Qazaqpress Экспресске сілтеме жасап.
«Сараптама қорытындысы бойынша Р.Мухоряповке құқықтық баға беріледі», – деп қосты бас прокурордың орынбасары.
Еске сала кетелік, кәсіпкер Рамиль Мухоряпов әлеуметтік желіде қонақжайлылық пен қазақ тіліне қатысты сөйлеген бейнесінен кейін жағымсыз пікірлер толқынына батып кеткен еді.
Discussion about this post