Қазақстанда өткен тәулікте 50 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
— 19 қазандағы мәлімет бойынша, 958 адам коронавирус инфекциясынан (–817+ және 141 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 102 пациент стационарда, 856 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр, — делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз