Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» партиясының атынан сайланған Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
ОСК Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін қажетті құжаттардың барлығы комиссияға ұсынылғанын және Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң талаптарына толық сай келетінін хабарлады.
ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов елдің 20 өңірінде де оны қолдап, 125 081 азамат қол жинағанын айтты. Оның 122 246-сы тексеріліп, 119 975 дауысы сенімді деп танылды.
Жигули Дайрабаевқа ҚР президенттігіне кандидаттық куәлік табыс етілді.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз