Маңғыстауда жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды, деп хабарлайды Qazaqpress Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай, теміржол өткелінде болды.
Көліктегі полиция қызметінің мәліметі бойынша, 14 қазанда Маңғыстау облысындағы «РЗД-14-РЗД-15» теміржол өткелінде, сым тарту жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы қаза болды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 156 бабы бойынша (Еңбек қорғау ережесін бұзу) тергеу жүріп жатыр.
Өзге ақпараттар ҚР ҚПК 201 бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз