Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Отбасы банкіне» үкімет резервінен 49,9 млрд теңге бөлу жайлы жоспарын «Ашық НҚА» порталында жариялаған заң жобасында хабарлаған болатын. 26 қазанға дейін құжатқа байланысты қоғамдық талқылау өтеді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жайт жаңалықтарға шыққаннан кейін мамандар баспана бағасы тағы да қымбаттау мүмкін екенін айтты. Олардың пікірінше, мұндай әрекеттер құрылыс саласына тек қауіп төндіреді.
Құжатта «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына азаматтардың үй сатып алуына қатысты тұрғын үй құнын алдын ала не аралық мерзіммен өтеуге кредит беру үшін үкімет резервінен 49 900 000 000 теңге бөлінетіні хабарланған болатын.
Жоба Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзге жобаларында игерілмеген қаражат есебінен қаржыландырылады.
Сондай-ақ ұсынылып отырған қаулыға сәйкес, азаматтарға тұрғын үй құнын алдын ала не аралық мерзіммен өтеу үшін жылына 5%-тік мөлшерлемемен несие беріледі екен.
Жаңа ипотекалық бағдарлама «7-20-25» атты ескі бағдарламаның балама түрі болмақ. Жаңа бағдарлама өтеу мерзімін созу және проценттік мөлшерлемені төмендету сынды қолайлы шарттарды ұсынады. Бірақ, әзірге бұл жайлы ресми түрде хабар берілмеген және нақты мәліметтер жоқ.
Ал сарапшылар құрылыс саласын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар Қазақстанда әлі де жұмыс істейтінін айтуда. Бұл бағдарламалар «тиімді» «Отбасы банкіне» ақша құйып, кейін құрылыс компанияларына қолдау көрсетуге бағытталған.
Үкімет үй бағасын көтеру үшін ипотекалық несиелерге субсидия бөлуде. Шешімі қандай? Тұрғын үйді бұдан да қолжетімсіз ету үшін мемлекеттік ипотека банкіне көбірек ақша құюда, дейді сарапшылар.
Discussion about this post