Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Тоқаев АӨСШК-тің VI саммитіне қатысты

Айгерим Шонашева by Айгерим Шонашева
14 октября, 2022
Тоқаев АӨСШК-тің VI саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

Қазақстан Президенті өз сөзінде саммитке қатысушы мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдіріп, бұл Кеңесті құру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Осы кезеңде АӨСШК көпжақты ынтымақтастық платформасына және халықаралық заманауи дипломатия институтына айналды. Мемлекет басшысы ұйымға мүше мемлекеттердің қатарына кірген Кувейтті арнайы құттықтады.

Сонымен қатар әлемдегі геосаяси жағдайға ерекше назар аударды.

– Бүгін біз бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс пен әлемдік экономикадағы күшейе түскен дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Бұл құбылыс қазірдің өзінде «жаһандық дисфункция» деп аталды. АӨСШК-тің бұған дейінгі 2019 жылы өткен саммитінен бері әлемдік қоғамдастық ауыр сынақтарды бастан өткерді. Оның салдары жаһандық дамуға әлі де әсер етіп отыр. Менің ойымша, біздің алдымызда тұрған ерекше маңызды міндет – туындаған зор қауіп-қатерлер жағдайында халықаралық қатынастардағы тұрақтылыққа қол жеткізу. Көпжақты механизмдерге тың серпін беру және ашық диалогқа оралу аса маңызды, – деді Қазақстан Президенті.

Оның айтуынша, Азия адамзат өркениетінің дамуына зор үлес қосты. Мыңдаған жылдар бойы біздің макроөңірдегі мемлекеттер бүкіл адамзаттың қоғамдық, мәдени, технологиялық дамуының негізгі қозғаушы күші болды.

– ХХІ ғасыр Азия ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды. Азия номиналды жалпы ішкі өнім мен сатып алу мүмкіндігі бойынша әлемдік экономикалық көшбасшы ретінде мойындалды. Аймақ айтарлықтай адами және табиғи ресурстарға ие. Әлемдегі ең ірі 30 қаланың 21-і Азияда орналасқан. 2030 жылға қарай орта таптың қажетіне жұмсалатын 30 триллион доллардың тек 1 триллион доллары батыс экономикасына тиесілі болмақ. Дегенмен Азияның болашағы мәдениеттер, дәстүрлер мен дүниетанымдар арасындағы диалогты нығайтуға ұжымдық дайындығымызға байланысты. АӨСШК-ті дамыту үшін қабылданған қадамдар осы мақсатқа сай келетініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Қазақстан осы ұйымның төрағасы ретінде АӨСШК аясындағы үдерісті одан әрі ілгерілетуге бағытталған күш-жігерді арттыру міндетін өзіне алып отыр. Былтыр АӨСШК-тің сенім шараларының каталогы қайта қаралды. Оған эпидемиологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және фармацевтика, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі сияқты ынтымақтастықтың жаңа басым бағыттары енгізілді.

– АӨСШК-тің талдау орталықтарының форумы Азияның түпкір-түпкірінен келген сарапшылар мен мамандарға тәжірибе, идея алмасу және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін әмбебап платформа болады. Биыл Астанада АӨСШК-тің Іскерлік кеңесі мен Бизнес форумы, сондай-ақ АӨСШК Жастар кеңесінің бесінші отырысы өтті. Бүгін АӨСШК Қоры құрылады. Оның мақсаты – АӨСШК жобаларын іріктеуге және оларды жүзеге асыруға ерікті түрде қаражат жинаудың арнайы тетіктерін қалыптастыру. Сондай-ақ бақылаушылар мен серіктестердің саны артып келеді. Түрікменстан АӨСШК-ке бақылаушы ел ретінде қосылды. Еуразиялық экономикалық одақпен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығымен (ACEAN) ынтымақтастық орнату туралы шешім қабылданды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан өзінің төрағалығы кезінде АӨСШК-ны толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға негізделген бірқатар маңызды басымдықты іске асыруды көздеді.

– Саяси диалогтың аймақтық платформасы ретінде АӨСШК-тің кемелдігі мен тиімділігі оны одан әрі трансформациялаудың бастауы болмақ. Мүше мемлекеттер қазірдің өзінде АӨСШК-тің іс-жүзінде ұйым ретінде жұмыс істеп жатқанын бірнеше рет талқылады және солай екеніне келіседі. Біз жаңа ұйым құрмайтынымызды, керісінше институционалды дамудың жаңа кезеңіне өтіп жатқанымызды атап өткім келеді. Кеңестің мәртебесін көтеру Азияның әлемдік істердегі артып келе жатқан рөлін нығайтып, мүше мемлекеттердің өзара іс-әрекетін жаңа деңгейге шығарады, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2022-2024 жылдары жаңа мерзімге төрағалық ету туралы өтінішін қолдаған АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің бәріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы еліміздің алдында маңызды міндеттер тұрғанына тоқталып, Кеңеске мүше мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен қолдауына сенім артатынын айтты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

– Бірінші, экономикалық өлшем. Өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК Кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жүк тасымалының оңтайлы әрі қолжетімді жолдары – экономикамыздың тұрақты өсімінің маңызды факторы. Коммуникация мен жүктерді жеткізудің әртараптандырылған бағыттарын пысықтау арқылы көлік-транзит әлеуетін жүзеге асыруға баса мән беру маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент АӨСШК-тің Қаржы саммитін тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналдыруды ұсынды. Оның пікірінше, АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы ынтымақтастығын жандандыру  үшін ҚХР-дың бұл  бастамасының маңызы зор. Трансформация  экономиканы қалпына келтіруге, орнықты әрі инклюзивті дамуға, Кеңес аясындағы аймақтық және субаймақтық қаржылық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.

Мемлекет басшысы экологиялық өлшем мәселесіне де ерекше назар аударды.

– Климаттың  өзгеруі уақыт өткен сайын болжап білуі қиын, әрі зардабы ауыр  табиғат апаттарына алып келеді. 2021 жылы Азияда мұндай жағдайлардан 57 миллион адам зардап шекті. 2050 жылға қарай Азия экономикасына осындай табиғи катаклизмдерден келетін ықтимал залал ЖІӨ-нің 26 пайызына дейін жетуі мүмкін. Таяуда Пәкістандағы жойқын су тасқыны орасан зор гуманитарлық апатқа ұшыратты. Осындай қиын кезде біз Пәкістан халқымен және үкіметімен бірге екенімізді тағы да дәлелдедік. Климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келіп, алапат әрі басқаруға келмейтін миграциялық нөпірдің катализаторына айналуы мүмкін. Азия үшін экономиканы көміртегінен арылту – өте өзекті мәселе. Бұл міндетті шешу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде инвестиция керек. Бір айдан кейін Мысырда климат жөніндегі COP27 конференциясы өтеді. Сонымен қатар АӨСШК-ке мүше елдердегі экология проблемалары бойынша 2024 жылы Астанада жоғары деңгейде конференция өткізуді ұсынамын. Аталған конференцияның нәтижелері экология саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі АӨСШК Кеңесін құруға негіз болады, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК кеңістігінде шын мәнінде жұмыс істейтін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизм қажет екеніне назар аударды.

– Азия әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бірін өндіргенімен, бұл саладағы олқылықтардан әлі де толық арыла қойған жоқ. Біз маңызды өнімдердің ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуіміз керек. Сондай-ақ тауарлардың бұл санаты үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасында «жасыл дәліздер» ашуымыз қажет. Штаб-пәтері Астанада орналасқан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективті болмақ. Сонымен қатар елдеріміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін ескере отырып, біз мұқтаж елдерді азық-түлікпен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдай алар едік, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті адами өлшем, адами ресурстарды қорғау және дамыту басты назарда болу керек деп санайды.

– Биыл шілде айында Астанада Жастар кеңесі отырысының сәтті өткізілуі осы бағыттағы өзара іс-әрекеттердің келешегі зор болатынын дәлелдейді. Осыған байланысты 2024 жылы Астанада Жастар кеңесінің қолдауымен АӨСШК-ке мүше елдердің еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слетін өткізуді ұсынамын. АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құрудың да перспективасы зор. Осы желі арқылы IT, нанотехнология және жаңартылатын энергия көздері сияқты инновациялық салалардағы әзірлемелерді алмасуға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АӨСШК-ні одан әрі дамытуға ниетті екенін тағы да нақтылады. Сондай-ақ кеңестің бірегей форматы мен географиясын ескере отырып, оның перспективалары мен болашағы зор екеніне сенім білдірді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қыркүйек айында Қазақстан халқының саны 19,6 млн адамды құрады

Келесі жаңалық

Кейінгі тәулікте 55 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Айгерим Шонашева

Айгерим Шонашева

Байланысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды
Басты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

10 июля, 2025
Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы
Саясат

Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы

20 июня, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады
Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады

21 января, 2025
Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті
Басты

Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті

15 января, 2025
Келесі жаңалық
Қазақстанда бір тәулікте 228 адам коронавирус жұқтырды

Кейінгі тәулікте 55 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

18 января, 2022
Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады

Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады

8 июля, 2022
Нұржан Әлтаев «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылып, депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Нұржан Әлтаев «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылып, депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

2 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді
  • Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды
  • Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.