Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 58 жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 58 жағдайы тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте 58 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Коронавируспен ауыратын 106 пациент стационарда, 969 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

4 адамның жағдайы ауыр,

4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 13 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 10 838 699 адам, II компонентін 10 598 498 адам салдырды. Ревакцинацияланды – 5 570 033 адам.