Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзарту ұсынылды

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзарту ұсынылды

Қазіргі таңда Қазақстанда бала күтіміне бөлінетін жәрдемақы 1 жасқа дейін төленеді, алайда жуырда оның мерзімін 3 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Халық партиясының фракциясы елдегі аналар мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ана мен баланы дамытуға инвестиция» ұлттық жобасын ұсынды. Жоба мақсаты – жүкті әйелдер мен балалы отбасыларға қаржылай көмек көрсету.

Осыған байланысты премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттардың жолдаған үндеуін Айжан Сқақова оқып берді.

Оның айтуынша, ел ішінде балалар арасындағы кедейлікті жоя алатын бірегеё шара жоқ. Оған қоса, ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, Қазақстанда бір миллион бала әлі де кедейліктің құрсауында. Бұл елдегі әрбір алтыншы бала кедейшіліктен тозып жүргенін білдіреді.

Шыны керек, көрсеткіштер адамды таң қалдырады. Әрине, бұл мәселені мемлекеттік органдар ешқашан да жоққа шығармағанмен, шұғыл түрде назар аударылу керек сияқты. Себебі, бұл құрғақ статистиканың артында кедейшіліктің кесірінен жапа шеккен миллиондаған кішкентай қазақстандықтардың өмірі жасырулы.

Сқақованың айтуынша, үкіметте әзірге балалардың әлеуметтік жағдайын жақсартатын бағдарламаларды жүзеге асырудың стратегиялық бағыты немесе жаңа тәсілдері жоқ. Елбасының бастамасымен жаңа Ұлттық балалар қоры ашылды, бірақ бұл жобаның қалай жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

Сонымен қатар А.Сқақова балалар үшін қаржылай көмектің маңызы зор екенін айтты, өйткені олар балалардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырады деген болатын. Алайда, бұл балаларды әлеуметтік қорғау бағытының жалғыз жолы емес.

А.Сқақова жоғарыда айтылған пікірлеріне қоса, бірқатар мәлімдемелер жасады: