Ақтауда мысықтың басына секірген ер адам изоляторға қамалды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 4 қазан сағат 22.00 шамасында 35 жастағы мас адам Ақтаудағы 6-шағынауданда мысықтың басына секіріп, жарақаттаған.
«Ақтауда мысықтың үстіне секірген ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 1-бөлімінің 316-бабы «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша тіркелді», — делінген хабарламада.
Discussion about this post