Руслан Иманқұлов Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып Руслан Иманқұлов тағайындалды. Бұл туралы тиісті шешімді ТЖ министрі Юрий Ильин қабылдады, — делінген хабарламада.
Айта кетсек, Иманқұлов ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі болып қызмет атқарған.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз