Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Студенттер далада түнеп жүр: Қазақстанда жалдамалы пәтердің құны қанша?

Ботиржон Кадиров by Ботиржон Кадиров
21 октября, 2022
Студенттер далада түнеп жүр: Қазақстанда жалдамалы пәтердің құны қанша?

Жуырда tilkespekjoq либералды қазақ басылымының инстаграм парақшасында студенттердің арасында жатақхана мәселесіне байланысты сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі көшеде қалғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

Сауалнамаға 170 студент қатысты. Олардың 97-сі жатын орын таппағанын айтты. Көшеде қалған студенттердің сөзінше, олар метрода, компьютер клубтарында түнеген екен. Ал, кейбір оқырмандар көше орындықтарында, вокзалда, жер асты өткелінде қонған студенттерді көргенін жазды. Жатын орын тапқан студенттер болса жалдамалы пәтерлері қымбат екенін немесе берілген жатақхананың жағдайы нашар екенін айтқан болатын.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті жатақханасы туралы сұхбат берген болатын:

«Тазалық атымен жоқ, шектеу өте көп. Жатақханада тұру оңай болмайтынын білдік, бірақ бұлай болады деп ойламадық.

Бөлмеміз бен дәретхана, жуыну бөлмесінде ғана камера жоқ. Қалған жердің бәрінде камера.

Дәретхана, жуыну бөлмесі өте лас. Кран дұрыс жабылмайды. Душ бәріне ортақ, ешқандай перде не есігі жоқ. Әрине, барлық жатақхана осындай шығар, бірақ шынында біз үшін бұл ыңғайсыз. Өзіміз орамал немесе жайма қойсақ оны өтейсіңдер (отработка) деп ескерту айтты».

Биыл Қазақстан бір бөлмелі жалдамалы пәтердің қымбаттылығы бойынша 107 елдің ішінде 82-орында тұр. Жалдамалы пәтердің құны 14%-ке қымбаттаған.

Жылжымайтын мүлікті сату және жалға беру компаниясының директоры Айкүн Тәжімбетованың айтуынша, қазір бір бөлмелі жалдамалы пәтердің бағасы 130 мыңнан 280 мың теңгеге дейін тұрады. Екі бөлмелі пәтер 230-240 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін жету мүмкін. Ал, үш бөлмелі пәтердің құны 350-400 мың теңгеге дейін жетеді.

Егер пәтерлер кейбір заманауи тұрғын үй кешендерінде орналасқан болса, оның бағасы 700-800 мың теңгеге дейін жетеді екен.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Krisha.kz ақпаратына сүйенсек, тамыз айында Алматыда пәтер жалдау бағасы орта есеппен 15%-ке өскен еді.

Маусымда бір бөлмелі жалдамалы пәтердің құны орта есеппен 140 мың тг., ал тамызда 150 мың тг. болды. Екі бөлмелі пәтер 200 мың, ал тамыз айында 250 мың теңгеге көтерілді. Үш бөлмелі пәтер маусымда 280 мың, ал тамызда 319 мың теңгеге дейін көтерілген болатын.

Тұрғын үй кешенінде бір бөлмелі жалдамалы пәтердің құны – 150 000 тг., екі бөлмелі пәтер – 340 000 тг., үш бөлмелі пәтер – 500 000 тг. тұрады.

Естеріңізге сала кетелік, 24 тамызда Алматыдағы жоғары оқу орындарының жатақханалары оқу жылына дайын емес екенін хабарлаған едік және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жағдайын көрсеткен болатынбыз.

«Қаржы орталығы» АҚ ИДП және Сыртқы байланыстар департаментінің хабарлауынша, 90 мыңнан астам қазақстандық студенттерге, магистранттар мен докторанттарға жатақханадан орын қажет екен. Мәселені шешу үшін мемлекет түрлі бизнестерді белсенді түрде тартуда. Соңғы төрт жылдың ішіңде ондаған кәсіпкерлер студенттік жатақханаларға инвестиция құюдың қаншалықты тиімді екеніне көздері жетті.

«2018 жылы инвесторларға құрылысқа кеткен шығындарды 8 жыл ішінде толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік беретін механизм әзірленді. 2018-2021 жылдар аралығында республика бойынша жеке кәсіпкерлермен бірге 120-дан астам жатақхана салынды. Қазір олар тұрақты түрде жыл сайын мемлекеттен ақыларын алып тұрады», – деді «Қаржы орталығы» АҚ ИДП және Сыртқы байланыстар департаменті директорының орынбасары Ишанов Айболат.

ҚР президентінің бұйрығы бойынша студенттерді жатын орынмен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін қонақүйлер мен инвесторлардың ғимараттарын жатақханаға сай ыңғайластырып, студенттер орналасу керек еді. Ишанов Айболаттың айтуынша, әрбір инвестор жатақханасына кез келген студентті өз қалауымен қабылдай алады және бір емес, бірнеше ЖОО-мен келісім-шартқа отыра алады. Сонымен қатар, әр инвестор жатын орын үшін бағасын өзі бекітуге құқығы бар. Яғни, студенттер үшін мемлекет қана төлемейді, жатын орын құнының бір шағын бөлігін студенттер өздері де төлейді екен.

«Енді осы 2021 жылы кәсіпкерлермен осы ғимаратты сатып алдық мамыр айының орта жағында. Енді басында мынау бизнес жоба бойынша өзіміз қонақүй саламыз деген жоспар болды. Сол жоспармен жаңағындай мемлекет тарапымен Қаржы орталығы қаржыландыратын бір бағдарлама бар екен, соны естіп, сол кісілерге жолығып, жаңағындай келісім-шартқа отырып сол кісілермен осындай ғимаратты салдық. Кәзір мемлекет тарапынан Алла жазса қаржыландыратын болад жаңағы Қаржы орталығы. Жартылай университетпен келісім-шартқа отырамыз – КазГЮ мемлекеттік университетімен. Сондай шаралар жасап жатырмыз», – деген болатын кәсіпкер Асқар Жұматұлы өзінің берген сұхбатында.

Айғақтар айдынды көлдей анық болғанмен, билік өкілдері мен бизнес иелері бәрі керемет, бәрі сапалы құрылған, орын жеткілікті және қолжетімді дейді.

Tags: жатақханастуденттерҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматы облысында қаңтарда ұрланған тапанша табылды

Келесі жаңалық

Алматыда урологтардың пленумы өтті

Ботиржон Кадиров

Ботиржон Кадиров

Байланысты жаңалықтар

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Категориясыз

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

14 июня, 2026
Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
Категориясыз

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

12 июня, 2026
Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр
Категориясыз

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

12 июня, 2026
«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

11 июня, 2026
«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді
Категориясыз

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

11 июня, 2026
Келесі жаңалық
Алматыда урологтардың пленумы өтті

Алматыда урологтардың пленумы өтті

Қазақстанда күн қайта суытады

Кейінгі тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды?

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Екі облыста карантин режимі күшейтілді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 720 адам жұқтырған

25 ноября, 2020
Қазақстандағы дауыстық талдау және биометрия нарығының әлеуеті 110 млрд теңгеге бағаланады

Қазақстандағы дауыстық талдау және биометрия нарығының әлеуеті 110 млрд теңгеге бағаланады

15 июня, 2023
Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

28 января, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
  • «Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
  • Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.