Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елордаға Астана атауын қайтару ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сенат отырысынан кейін журналистер Парламенттің жоғарғы палатасының спикерінен мұндай бастаманың себебін сұрады.
— Ең бастысы, халықтың пікірімен санасу керек. Адамдардың, қала тұрғындарының пікірі ең маңызды фактор. Депутаттар халықтың пікірін естігеннен кейін осындай бастама көтеріп отыр. Ең бастысы халық не айтады, солай болуы керек. Бұл жерде саяси ойын жоқ, — деді Әшімбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз