Түркістан облысының әкімі қызметіне Дархан Сатыбалды тағайындалды

Түркістан облысының әкімі қызметіне Дархан Сатыбалды тағайындалды

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

— Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды.