Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

ҚР билігі интернетте таралатын контенттерді қадағалап, өшіруде

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
25 августа, 2022
ҚР билігі интернетте таралатын контенттерді қадағалап, өшіруде

Қазақстан Республикасының билігі интернетте таралатын контенттерді қадағалап, өшіруде. Үкіметте қолжетімді интернет контеттерді бұғаттауға өкілеттігі бар және Интернет провайдерлерді «заңсыз материалға» қол жеткізуді шектетуге мәжбүрлей алады. Егер олар контентті дер кезінде өшіріп үлгермесе, билік тікелей кіруді де шектей алады, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

ҚР билігі не үшін интернетті бұғаттауда?

Қазақстан Үкіметі жасап отырған алуан цензураға баға беру қиын. Өкінішке қарай бұл туралы қолжетімді мемлекеттік деректер жоқ, сондай-ақ ашықтықты арттыратын барлық бұғатталған ресурстардың тізілімі де жоқ. Бірақ, бұғатталған ресурстардың саны мен оларды бұғаттау себептері туралы деректерді қазақстандық «Интернет еркіндігі» атты құқық қорғау ұйымы жинап жүр.

2014-2022 жылдар аралығында Қазақстанда 95 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды. Тек 2021 жылдың өзінде тыйым салынған материалдардың саны 13 200-ге жеткен болатын.

Қазақстанда сайттарды бұғаттаудың ең көп тараған себебі – қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың, суицид пен порнографияның насихатталуымен байланысты. Заңмен тыйым салынған контенттер 2014 жылдан осы жылдың сәуіріне дейін елдегі барлық бұғатталған контенттердің 42% құрады. Екінші орында терроризм мен діни экстремизмнің насихатталуы тұр. Олардың кесірінен бұғатталған сайттар жалпы көрсеткіштердің 33% құрады. Алайда мұндай қауіп-қатерлерге қарсы күресіп, заң бұзушылықтарға төтеп беру себебімен Қазақстанның әлі қанша рет интернеттегі еркіндікті шектегені белгісіз.

Қазақстан Республикасының билігінде заңсыз деп танылып, бұғатталған сайттардың тарихы бар. Мысалы, Linkedin сайты өткен жазда үкімет орынсыз деп санаған контентті жоймап еді, бірден бұғаттап тастады. Сайт казиноларды жарнамалап, жалған аккаунттар ашты деп айыпталса, петиция платформалары – avaaz.org, change.org және тәуелсіз саяси БАҚ – Meduza, Kloop та бірнеше жылдан бері бұғатталған болатын.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қазақстан Google-ға 532 рет кірген

Үкіметтің интернетті бақылау әрекеттері туралы ақпараттың тағы бір маңызды көзі Google болып табылады. Корпорацияның мәліметінше, Қазақстан билігі бұғаттауды сұраған контенттің көлемі бойынша әлемде Индонезия мен Ресейден кейін үшінші орында тұр.

2011 жылдан бері Қазақстан Google-дан 260 000-нан астам контентті өшіруді 532 рет сұраған. Негізінен YouTube және web сайттарға қатысты.

Google-ға үкіметтерден, сот, агенттіктер және құқық қорғау органдары сияқты әртүрлі мекемелерден жазбаша және ауызша деректер тізіміне сұраныстар келіп отырады.

Қазақстан Google-ды контенттерді жоюға мәжбүрлеу шараларын күшейтуде. 2011 жылы өтініштер саны 1 болса, өткен жылы 159-ға дейін өсті. Соңғы үш жылда өтініштердің саны жыл сайын орта есеппен 1,8 есеге өсті.

2017 жылы 146 000-нан астам контентті 101 рет жою сұранысы келген болатын. Бұл осы уақытқа дейін ең көп сұраныстардың бірі. Келесі жылы контент үзінділерінің саны 5,9 мыңға дейін төмендеген еді, бірақ 2021 жылы қайтадан 67,5 мыңға дейін өсті.

Google 94,9% сұраныстардан бас тартты

Google өзінің саясатында әртүрлі себептерге байланысты контентті жоюдан бас тарта алатынын түсіндірді. Мәселен, сұраныста нақты нені жою керектігі көрсетілмеген кезде немесе автор контентті өзі алып тастаған жағдайда бас тарту мүмкін. Сонымен қатар, барлық келіп отыратын сот шешімдері нақты әрекетті талап етпейді.

Компания көрсеткіштеріне сәйкес, Google аса ыңғайлы емес және үкіметтің сұраныстарын сирек орындайды. Мысалы, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында корпорация ҚР сұраныстарының 94,9%-ін қабылдамады. Бұл Google-дың ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге не бұғатталған сайттарға кіруге мүмкіндік беріп, билік органдарымен ынтымақтасып жұмыс істеуге дайын еместігін көрсетеді.

Неліктен Қазақстан Google-дан контенттерді жоюды сұрайды?

Соңғы 10 жылда Қазақстанның интернеттен контентті жою туралы өтініштерінің басым бөлігінде ұлттық қауіпсіздікке қатер төніп тұрғаны айтылған. Бұндай себеп жалпы сұраныстардың 57%-ін құрады. Алайда мұндай өтініштердің саны жыл сайын өзгеріп отырды.

2016 жылдың екінші жартыжылдығында ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін сұраныстар санының өсімі байқалды және 2017 жылдың ортасында шыңына жетті. Бірақ, осыдан кейін өтініштер саны азая бастады және содан бері 2017 жылдың соңғы көрсеткішінен аспады. Дегенмен, 2019 жылдан бастап мұндай өтініштер саны қайта өсе бастады. Мәселен, өткен жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге қатысты 61 өтініш (жалпы санның 38%) жолданған.

Қазақстан Үкіметі Google-дан Үкіметті сынайтын контентті жоюды жиі талап етеді екен. Мәселен, 2020 жылы 44, ал 2021 жылы 47 өтініш жасалыпты. Бұл Қазақстанның контентті жоюға деген сұраныстардың екінші жиі кездесетін себебі.

Tags: GoogleбилікҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда АЕК пен ең төменгі зейнетақы өседі

Келесі жаңалық

Беттингтегі коэффиценттер туралы ең көп тараған жалған ақпарат

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда
Категориясыз

Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда

15 апреля, 2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ
Категориясыз

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

14 апреля, 2026
Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде
Категориясыз

Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде

14 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Беттингтегі коэффиценттер туралы ең көп тараған жалған ақпарат

Беттингтегі коэффиценттер туралы ең көп тараған жалған ақпарат

Parimatch қазақстандық жас суретшілерді қолдайды

Parimatch қазақстандық жас суретшілерді қолдайды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жылдың басынан бері Алматы қаласының онкоорталығына шамамен 12 мың пациент емделіп шықты

Жылдың басынан бері Алматы қаласының онкоорталығына шамамен 12 мың пациент емделіп шықты

14 сентября, 2021
Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған сәтінде ұсталды

Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған сәтінде ұсталды

14 июля, 2022
Президенттің Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезінде сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Президенттің Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезінде сөйлеген сөзінің толық мәтіні

26 ноября, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
  • Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
  • Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.