Сағынтаев тағы бір қызметке ие болды

Сағынтаев тағы бір қызметке ие болды

Бақытжан Сағынтаев тағы бір қызметке ие болды. Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығының Бақылау кеңесінің төрағасы болды, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясатының министрі Бақытжан Сағынтаев 10 тамызда Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығының Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды», – деп хабарланды Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында.

Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығы – Еуразиның 26 ​​елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.

Бұған дейін Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болып тағайындалған болатын.