Данияр Жаналинов Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Данияр Жаналинов Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.

— ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2021 жылғы тамыз айынан бастап ҚР қаржы вице-министрі болып жұмыс атқарған.