FlyArystan Оралға ұшатын рейстерді тоқтатты

FlyArystan Оралға ұшатын рейстерді тоқтатты

Орал қаласының әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1 тамыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясы ішкі бағыттар бойынша Оралдан және Оралға орындалатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqpress тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

— Шектеудің себебі Орал әуежайының хабарламасында, ұшып/қону жолағы мен перронның жасанды төсеміне түсетін салмақ пен қарқындылығына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында орнатылды, деп көрсетілді, — делінген хабарламада.