Ақша айырбастау пункттерінде доллар 483 теңгеден сатылып жатыр

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 483 теңгеден сатылып жатыр

Қазақстан қор биржасында (KASE) 26 шілдедегі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 478-480 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476 – 481 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 478 – 483 теңге аралығында құбылып тұр. 15 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,06 теңгеге арзандап, 480,58 теңге болған.

Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480,37 теңге.