Жансейіт Бұрхан үйқамаққа алынды

Жансейіт Бұрхан үйқамаққа алынды

Ұсталған Жансейіт Бұрхан үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Qazaqpress Алматы қаласының тергеу сотына сілтеме жасап.

— Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен  Жансейіт Бұрхан 2 ай мерзімге 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялаудан бас тартылды, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, Жансейіт Бұрхан 15 шілдеде күні Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталған болатын.