қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Маусым 28, 2022
Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Тоқаев премьер-министрді қабылдады

Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Тоқаевтың еңбек демалысы аяқталды

Жиын барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) 2021 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды және оны әрі қарай дамыту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық жағдай құбылып тұрған кезде инвестициялық тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етуге қабілетті сенімді қаржы көздерін іздеу өзекті болатынын айтты. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия аймағы үшін осындай міндетті атқаратын мекемелердің бірі саналады.

– Қазақстан нарықтық, еркін әрі бәсекелі экономиканы қарқынды ілгерілетуге бағытталған дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Мұндай жағдайда шетелдік инвесторлар мен сауда серіктестерінің сенімін сақтап қалу және нығайту біздің басты басымдығымыз болып қала береді. Осыған байланысты АХҚО-ның әлеуеті инвестициялардың сенімділігі мен қауіпсіздігінің кепілі ретінде барынша пайдаланылуға тиіс, – деді Президент.

Мемлекет басшысы АХҚО-ның алдында жетекші қаржы орталығы ретінде өз мәртебесін институционалды тұрғыдан нығайту міндеті тұрғанын атап өтті. Осыған орай Мемлекет басшысы бірқатар өзекті мәселеге назар аударды.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялық мәселеге мән бере отырып, шетелдік компаниялардың АХҚО-ға тіркелу талабы барынша оңай әрі либералды болуға тиіс екеніне тоқталды. Президент АХҚО-ның шетелдік серіктестермен диалог жүргізуі қажет екенін атап өтті және қаржы реттеушілерімен тығыз ықпалдастық орнатудың маңыздылығын жеткізді. Осы ретте жалпы үйлестіру жұмыстары Үкіметке жүктелді. Сондай-ақ Президент Орталықтың реттеушілік қызметі мен нормативтік-құқықтық базасы дербестігі мен тәуелсіздігін сақтап қалуы керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы ұлттық компанияларды IPO-ға шығару жұмыстарын келесі маңызды міндет ретінде атады. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен оның ұлттық компанияларының рөлін мысалға келтірді.

– Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ мерзімді шетелдік инвесторларды теңге түріндегі тәуелсіз облигацияларға тартудың өзектілігін атап өтті. Президент қазіргі құбылмалы жағдайда инвестициялар мен ресурстар үшін бәсекелестік күшейеді деген пікір білдірді. Инвесторлар корпоративтік басқару қағидаттары жоғары деңгейде сақталатын, заң үстемдік ететін және халықаралық юрисдикциясы бар алаңдарды іздейді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

– Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет. Ол үшін халықаралық депозитарийлермен өзара тығыз ықпалдастық орнату керек. Мұндай жағдайда реттеушілік режим мен халықаралық құқыққа негізделген АХҚО алаңы тартымды болады. Үкіметке Ұлттық банкпен және АХҚО-мен бірлесе отырып, ұзақ мерзімді институционалдық инвесторлары бар әлемдік инфрақұрылымға қосылу мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл экономикамыздың орнықты өсімі үшін маңызды қадам болмақ, – деді Президент.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және «жасыл» жобаларды жүзеге асыру мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, былтыр орнықты қаржыландыру нарығының көлемі 500 есе ұлғайып, 250 миллион доллардан асты. Оның ішінде жасыл облигациялар мен несиелердің 58 пайызын АХҚО Жасыл қаржы орталығы нақтылады.

– Бұл экономиканы көміртегінен арылту және көміртегін аз пайдалану технологияларын дамыту жөніндегі жаһандық міндеттерді еліміздің сәтті шешуге қабілетті екенін дәлелдеуіне ықпал етеді. Үкіметті, «Астана» халықаралық қаржы орталығын және Кеңес мүшелерін осы бағыттағы жұмыстың қарқынын бәсеңдетпей, жалғастыра беруге шақырамын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергия тасымалдаушы жаһандық нарықтардың және әлемдік азық-түлік орталықтарының трансформациялануы кезінде Қазақстанның рөлін күшейту маңызды екеніне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және кез келген тәуекел-қатерлерден алшақ тұратын басты тауар биржасын орналастыру мәселесін шешудің өзектілігін атап өтті.

– Қазақстан үшін сенімді әрі бәсекеге қабілетті инфрақұрылымы бар биржа нарығы жөнінде мәлімдеу өте маңызды. Бұл аймақтық және жаһандық саудада көшбасшылыққа ие болу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Үкімет осы мәселені жан-жақты пысықтауы керек, – деді Президент.

Мемлекет басшысы криптоиндустрия және цифрлық активтерді дамыту мәселелеріне де тоқталды.

– Біз әлеуетімізді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Алайда біз тек қана шикізат мәртебесін ұстанып қалмауымыз керек. Осы орайда, Үкімет қаржы реттеушілерімен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып, кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жиынды қорытындылай келе, АХҚО-ның 2021 жылы атқарған жұмысының жылдық есебін бекітті.

Іс-шара барысында Премьер-министр Әлихан Смайылов, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, Мемлекет басшысының экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, АХҚО-ның тәуелсіз қаржы бақылаушысы Марк Смит, Жаһандық даму орталығының президенті Ахмед Масуд, G30 тобының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Джейкоб Френкель, Citigroup үкіметтер мен мемлекеттік сектордың жаһандық блогының басшысы Джули Монако баяндама жасады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Альварес Головкинға нокаут жасамақшы

Келесі жаңалық

Азамат Бейісбеков Еңбек министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Тоқаев премьер-министрді қабылдады
Саясат

Тоқаев премьер-министрді қабылдады

Тамыз 10, 2022
Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Басты

Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Тамыз 10, 2022
Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс
Басты

Тоқаевтың еңбек демалысы аяқталды

Тамыз 9, 2022
Қазақстанда кейінгі тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Басты

Кейінгі тәулікте 1 373 адамнан коронавирус анықталды

Тамыз 8, 2022
Қазақстанда соңғы тәулікте 2 579 адам коронавирус індетін жұқтырды
Басты

Қазақстанда соңғы тәулікте 2 579 адам коронавирус індетін жұқтырды

Тамыз 5, 2022
Қазақстанның Тайвань бойынша ресми ұстанымы айтылды
Саясат

Қазақстанның Тайвань бойынша ресми ұстанымы айтылды

Тамыз 4, 2022
Келесі жаңалық
Азамат Бейісбеков Еңбек министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Азамат Бейісбеков Еңбек министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады

Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері тұңғыш рет кардиостимулятор орнатты

Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері тұңғыш рет кардиостимулятор орнатты

Мамыр 6, 2022
Сағынтаев АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге барды

Сағынтаев АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге барды

Наурыз 13, 2021

Methods to Write a Heading For Sugar Baby

Маусым 11, 2022

Топ жаңалықтар

  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қисық жол қисық мемлекеттің белгісі

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Демалыс күндерінің басты матчы: Англияның Суперкубогын кім алады?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • «Реал» – «Айнтрахт». УЕФА Суперкубогын қай қоманда алады
  • 10 тамызға қарай теңге бағамының болжамы
  • Тоқаев премьер-министрді қабылдады

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.