Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

Қазақстанда өткен тәулікте 54 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында — 8, Алматы қаласында — 38, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 1, Атырау облысында — 1, Жамбыл облысында — 1, Батыс Қазақстан облысында -1, Қарағанды облысында — 1 адамнан коронавирус анықталды.

Айта кетсек, соңғы күндері Қазақстан коронавирус жұқтырғандар санының өсу динамикасы байқалуда.