Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталды

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталды

Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталды, — деп хабарлайды Qazaqpress ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— 2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану дерегі бойынша жүргізіп жатқан соталды тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов,  Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.