Петропавл әкімі отставкаға кетті

Петропавл әкімі отставкаға кетті

Болат Жұмабеков Петропавл қаласының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Qazaqpress.

Қаланың бұрынғы басшысы отставкаға кеткені туралы Facebook-парақшасында жазды.

— Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті, — деп жазды Болат Жұмабеков.