Семей қаласында 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға 11 маусым күні Ертіс өзенінің Восточный кентіндегі тұсында болған.
«15 жастағы жасөспірім достарымен бірге рұқсат етілмеген жерде шомылған. Ағыны қатты өзенге сүңгіп кеткен ол қайта шыға алмады. Достары оны құтқаруға тырысқанымен еш нәтиже шықпаған. Көп ұзамай оқиға орнына сүңгуірлер келіп жетті. Алайда әлі күнге дейін марқұмның денесі табылмай жатыр», — делінген ақпаратта.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз