Атырауда жас суретшілерге арналған арт-резиденция ашылуда

Атырауда жас суретшілерге арналған арт-резиденция ашылуда

Заманауи суретшілер өлкетану экспедицияларына қатыса алады, танымал халықаралық және қазақстандық кураторлардың дәрістерін тыңдай алады.

13-26 маусым аралығында «Фронтир. Атырау шежіресі» арт-резиденциясына 20-35 жас аралығындағы суретшілерден өтінімдер қабылдау басталады. Арт-резиденция бағдарламасы Қазақстандағы жас суретшілерді қолдауға, арт-ортада тәжірибе алмасуға және креативті индустрияны дамытуға бағытталған. Жоба YEMAA заманауи мәдениет орталығының Орталық Азияның Еуразия Қорымен, «Шеврон» компаниясымен және «Infinity plaza» эко-паркімен серіктестікте құрылды.

Тамыз айы бойы резиденцияға қатысушылар офлайн және онлайн сессияларға, менторлармен воркшоптарға, шеберлік сыныптары мен өлкетану экскурсияларына қатысады. Алынған тәжірибенің арқасында суретшілер жаңа медианы қолдана отырып, пәнаралық жобаларды құра алады және қорытынды көрмеге қатыса алады. Ұшу, тұру және тамақтану бойынша барлық шығындар ұйымдастырушылар тарапынан өтеледі.

Бағдарламада не болады?

«Фронтир. Атырау шежіресі» бағдарламасы теориялық және қорытынды көрмені дайындауға бағытталған практикалық екі бөлімнен тұрады.

Алғашқы екі аптада қатысушылар менторлармен, лекторлармен және қала жастарымен жұмыс істей алады. Резиденттер үшін галереяда воркшоптар, студияларда шеберлік сабақтары, дәрістер, семинарлар және Атырау, Сарайшық және Маңғыстау бойынша өлкетану экскурсиялар өткізіледі.

Соңғы екі апта практикалық: жас суретшілер креативті идеяларын талқылау үшін менторлармен кеңесіп, көрмеге дайындықты бастайды. Сонымен қатар, қатысушылар бір ай бойы жоба кураторы, әлеуметтік және саяси философияны, ұжымдық есте сақтау мәселелерін және қазақ ойының тарихын зерттеуші және мәдениеттанушы Адия Рамазановамен бірге фильмдер қарайды және талқылайды, көркем мәтіндермен жұмыс жасайды және  шығармашылық процеске тартылады.

Шақырылған сарапшылар кімдер?

Арт-резиденция барысында менторлар және лекторлар ретінде көрмелерді өткізу және шығармашылық жобаларды жасауда мол тәжірибелері бар заманауи суретшілер мен арт-қайраткерлер қатысады:

Резиденцияға қалай қатысуға болады?

Өтінімдер Қазақстанның барлық қалаларынан 20-35 жас аралығындағы суретшілерге ашық. Ұшу, тұру және тамақтану бойынша барлық шығындар ұйымдастырушылар тарапынан өтеледі. Жобаға қатысу үшін 26 маусымға дейін келесі құжаттарды atyrauresidence.yemaa@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет:

Қатысу өтінімдері қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Іріктеу нәтижелері 1 шілдеде жарияланады.