2 маусымда Банк ВТБ қайта капитализация жасайтынын және акционерлердің бірі ақысын өтейтіні туралы хабарлама пайда болды, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қысқаша айтсақ, Банк алған қаражатты өз капиталын ұлғайтуға жұмсайды, бұл оның елдегі қызметін одан әрі жалғастырып, дамытуға көмектеседі.
Банк жоспары
Қазақстандағы ресейлік еншілес банктердің тұрақтылығын шайқалтқан санкциялардан кейін екінші деңгейлі банктерде проблемалар туындады.
Банк ВТБ (Қазақстан) тұтынушылардың жоқтығынан зардап шекті – банктен жалпы 49,6 млрд теңге (1 ақпандағы 83,2 млрд теңгеден 1 наурызда 32,7 млрд теңгеге дейін) ақша шығарылды. Яғни, бір айда халық депозиттерінің көлемі 60%-ке дейін төмендеген. Ал, қазір 2020 жылдың күзгі көрсеткіштеріне дейін төмендеді.
Содан кейін адамдар Альфа, Сбербанк және ВТБ-дан жаппай ақшаларын қайтара бастады. Альфа мен Сбербанк сатылатыны жайлы алғашқы хабарлар пайда болғанмен, ВТБ бұл миға қонымды көрінген идеядан бас тартты.
Жоспар мынадай болды:
«Бәрін сол күйінде қалдырған жөн, өйткені біреу ресейлік клиенттерге қызмет көрсету керек. Болашақта Ресеймен сауда тек өсе бастайды», – деді басшылыққа жақын дереккөздердің бірі.
Яғни, банк басшылығы бұл қадамға саналы түрде барды. Олар санкцияларға қарамастан Қазақстандағы қызметін жалғастыруды жөн көрді. Бірақ, тұтынушысы азайған банк нарық теңізінде қалай қалмақ, түсіну қиын.
Енді не болмақ?
Көріп тұрғанымыздай, банктің Қазақстандағы жалғыз клиенттері Ресеймен жұмыс істейтін экспорттаушы/импорттаушы кәсіпкерлер болмақ. Дегенмен, бұл қиын қадам және болашақта ВТБ-ның Қазақстандағы позициясы жақсар ма, жоқ па белгісіз.
Енді ресейлік банктердің бұрынғы және қазіргі еншілес ұйымдарында жеке тұлға салымының азаюы ғана емес, сонымен қатар 90 күннен астам кешіктірілген жұмыс істемейтін несиелермен (NPL) де проблема бар.
Жалпы 2022 жылы 5 банк жұмыс істемейтін несиелердің 1,5%-ке нашарлағанын көрсетті. Бұндай банктер қатарына NPL 1,6-дан 2,8%-ке дейін ауытқыған ВТБ, Сбербанк, Альфа кіреді.
Бірақ жоғарыда аталған банктердің тек ВТБ ғана пруденция нормативтерін, яғни, қиын жағдайда есептелетін капитал көрсеткіштері, өтімділік көрсеткіштері сынды күрт көрсеткіштерден аттап өткен.
Егер ВТБ тобының көмегі болмаса, Қаржы реттеушісі қатаң қадағалау шараларын қолданар еді. Қосымша капиталдандыру, әрине, белгілі бір дәрежеде банктің коэффициентін қажетті деңгейге дейін қалпына келтіруге көмектеседі, бірақ болашақта бәрі қалай болатыны беймәлім.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз