Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Қазақстанда өткен тәулікте 170 адам пневмонияға шалдыққан, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 170 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 89 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 45630, 498 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32982 жетті, — делінген ВАК хабарламасында.