Өткен тәулікте 7 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Өткен тәулікте 7 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 7 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Алматы қаласында — 6,

Қызылорда облысында -1.

Сондай-ақ өткен тәулікте 5 адам коронавирустан жазылған.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтері бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 788 жетті.