Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Цифрлық сауаттылық арқылы инклюзия құру: өңірлік ҮЕҰ мүгедектігі бар адамдардың әлеуетін іске асыру үшін қалай көмектеседі

- by -
6 июня, 2022
Цифрлық сауаттылық арқылы инклюзия құру: өңірлік ҮЕҰ мүгедектігі бар адамдардың әлеуетін іске асыру үшін қалай көмектеседі

Қостанайлық қоғамдық ұйым қалай цифрлық сауаттылық деңгейін көтеретінін, параолимпиадалық спортты дамытатынын және мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыратынын айтамыз.

Байланысты

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Биылғы сәуірден бастап «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі цифрлық сауаттылық және SMM-менеджмент оқытатын «Профи IT» жобасын іске қосты. Жоба Орталық Азияның Еуразия қорымен және «Шеврон» компаниясымен әріптестікте  «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр. Бұдан бөлек, қоғамдық бірлестіктің мүгедектігі бар адамдардың өмірін жақсартатын әлеуметтік бастамаларды жүргізуде зор тәжірибесі бар.

Қоғамдық бірлестік алғаш рет Қостанайда 2005 жылы құрылды. Жобаны құрудың бастамашылары 10 белсенді адам болды, негізінен олардың басым көпшілігі – арбада қатынайтындар. Бұрын қатысушыларда қозғалыс бұзылысы болмаған, бірақ әртүрлі жарақаттардан кейін олар мүгедек атанды және бейімделу қиындықтарына тап болды, содан кейін олар қалада ҮЕҰ құруға көмектесті.

«Үміт-Надежда» басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдар, ең алдымен, білімі және белгілі бір машықтары бар болса, қоғамға пайда әкелетін адамдар екенін көрсету және оларға деген қоғамның көзқарасын өзгерту.  Егер оның білімі мен машықтары бар болса, ол жұмыс істеп, пайда әкеле алады.

«Барлық жобамыз қоғамда инклюзияны ілгерілетуге бағытталған, – дейді ұйым негізін қалаушы Аруна Жақсағулова, – Инклюзия – бұл туғаннан қартайғанға дейінгі барлық қызмет саласына қатысу. Әр адам өз қабілетін толық жүзеге асырып, пайда әкеліп, өмірден қуаныш алғысы келеді. Ал адам мүгедектікке тап болғанда, өзінің қабілетін іске асыра білу, өмір сүру, жұмыс істеу үшін оған екі есе көп күш қажет».

Ұйымның алғашқы жобасы – «Өміріміз қозғалыста» республикалық автошеруі. Автокөлікті жүргізгендердің бәрі бірлестік белсенділері – арбада қатынайтын мүгедектігі бар адамдар болды. Олар үкімет пен мемлекеттік органдарға мүгедектігі бар адамдарды белсенді өмір салты үшін автокөлікпен қамтамасыз ету қажеттігін көрсетеміз деп бүкіл Қазақстанды бес жылда аралап шықты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сонымен қатар, «Үміт-Надежда» «Өзіңді өзгерт – стильді бол» және «Жанымыздағы адамдар туралы» науқандарын өткізді, «Рух күші» әлеуметтік телебағдарламасының авторы болды, бұл жоба арбадағы мықты адамдарды үлгі ретінде көрсетіп, адамдарды әлеуметтік өмірге оралуға ынталандырды.

2009 жылы ұйым арбадағы билер атты өте әдемі спорт түрінің негізін қалап, тұңғыш «Би арбалары» республикалық фестивалін өткізді. Шағын аймақтық ұйымның күш-жігерінің арқасында арбадағы билер ҚР Паралимпиадалық спорт түрлерінің тізіліміне енгізілді. Содан бері бишілер әлемнің барлық халықаралық паркеттерінде өнер көрсетіп, жоғары нәтижелер көрсетіп жүр.

Оған қоса, бірлестік қарамағында әлеуметтік қолдау және оңалту орталығы жұмыс істейді. Орталықта әлеуметтену және демалу үшін барлық жағдай жасалған: 2 компьютерлік сынып, жаттығу залы, медицина кабинеті, тігін бөлмесі және жабдықталған ас үй бар.

Қазіргі уақытта команда QOLDA бағдарламасының шеңберінде мүгедектердің цифрлық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған жоба бойынша жұмыс істеп жатыр.

Жобаға қатысушылардың бірі Нұржамал Боташованың айтуынша, Профи IT бастамасы оның онлайн-сату бойынша біліктілігін арттыруға мүмкіндік берді: «Маған бұл жоба үлкен мүмкіндіктер беретіні ұнайды. Бұрын қарапайым Whatsapp аккаунтын қолданатын едім, қазір оқудан кейін Instagram және Whatsapp бизнес-аккаунттарын аштым, балаларға арналған төсек-орын жабдықтарын тігемін және сатамынInstagram-да парақшаны жүргізу Youtube-ке қарағанда әлдеқайда ыңғайлы, себебі қысқа сурет, бейнелер форматы бар. Бұл менің қолымнан келеді».

Бірлестік Қостанайдағы жұмыспен қамту орталығы, Қостанай әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге қызмет жасайды. Олар арқылы жақында жарақат алған, қайта куәландырудан өткен, оңалтудан өткен және жұмыс іздеп жүрген адамдар жүгінеді. Осылайша, «Үміт-Надежда» мүгедектігі бар адамдар кәсіби және әлеуметтік әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдайды жасауға тырысады және қоғамда инклюзия құндылықтарын ілгерілетеді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Нұрлан Әбдіров: Референдумда 320 мыңнан астам бюллетень жарамсыз деп танылды

Келесі жаңалық

Алматыда ІТ бағдарламашыларды дайындау бойынша ең ірі және бірегей жоба басталды

-

-

Байланысты жаңалықтар

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
Категориясыз

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

8 марта, 2026
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды
Категориясыз

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

7 марта, 2026
ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН  АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ  МАРАПАТ  САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ
Категориясыз

ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

6 марта, 2026
Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды
Категориясыз

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

6 марта, 2026
Samsung MWC 2026-да: смартфондар интуитивті серіктер ретінде және AI-өндіріске жаһандық көшу
Категориясыз

Samsung MWC 2026-да: смартфондар интуитивті серіктер ретінде және AI-өндіріске жаһандық көшу

6 марта, 2026
Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Категориясыз

Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

6 марта, 2026
Келесі жаңалық
Алматыда ІТ бағдарламашыларды дайындау бойынша ең ірі және бірегей жоба басталды

Алматыда ІТ бағдарламашыларды дайындау бойынша ең ірі және бірегей жоба басталды

Мегаполисте БМСК жанындағы мобильді топтар қалай жұмыс атқарады

Өткен тәулікте 7 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматылықтар қала көшелерінің жабылғаны туралы ақпараттың жоқтығына шағымданды

Алматылықтар қала көшелерінің жабылғаны туралы ақпараттың жоқтығына шағымданды

2 июня, 2023
Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

20 января, 2021
Кеген-Нарынқол тас жолында алғашқы қар жауды

Кеген-Нарынқол тас жолында алғашқы қар жауды

10 октября, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
  • КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ
  • ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.