Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Смайылов пен Мишустин Мәскеуде келіссөз жүргізді

Агзам Текенов by Агзам Текенов
31 мая, 2022
Смайылов пен Мишустин Мәскеуде келіссөз жүргізді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qazaqpress primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Байланысты

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

Кеңейтілген құрамда өткен кездесу барысында Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық байланыстың барлық спектрі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың дәстүрлі жоғары деңгейіне ие екенін атап өтті.

Биыл екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына және Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың бекітілгеніне 30 жыл толады.

— Осы кезеңде сенімді әрі сындарлы диалог орнады. Көптеген өзара тиімді бағыт бойынша серіктестік жоғары деңгейге көтерілді, — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің басшысы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін ҰҚШҰ-ға мүше Мемлекеттер басшыларының мерейтойлық отырысы аясында Қазақстан мен Ресей Президенттерінің жақында өткен кездесуі барысында маңызды бағдарлардың белгіленгенін жеткізді.

Ресей Федерациясы — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы үштен бірге өсіп, 24,2 миллиард доллар рекордтық көрсеткішке жетті.

Осыған орай, Әлихан Смайылов екі ел Үкіметтері алдында өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі арттыру міндеті тұрғанын атап өтті.

— Елдеріміз арасында көпжоспарлы экономикалық байланыстарды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталған бағытта Экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын уақытылы іске асырудың маңызы зор, — деді ҚР Премьер-Министрі.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты өнеркәсіптік кооперация екенін атап өтті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қазақстанда 13 маңызды бірлескен жоба іске асырылды. Бірқатар салада, оның ішінде машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібінде құны шамамен 4 миллиард доллар болатын 22 ірі жоба жүзеге асырылып, кейбірі пысықталып жатыр.

— Бұл бағытта біздің одан әрі даму әлеуетіміз жоғары. Бірлескен жобаларды тезірек іске қосуға мүдделіміз және жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, — деді ҚР Үкіметінің басшысы.

Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей ЕАЭО, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты аймақтық ұйымдар аясында да табысты өзара іс-қимыл орнатқанын атап өтті.

— Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігі алдағы уақытта да барлық бағытта жоғары қарқынмен дамитынына сенімдімін, — деп түйіндеді ҚР Премьер-Министрі.

Өз кезегінде Михаил Мишустин бүгінгі кездесу екі мемлекет президенттерінің 16 мамырда Мәскеуде қол жеткізілген келісімдерін дамыту аясында өтіп жатқанын айтты.

— Қазақстанмен достығымызды, тату көршілік қарым-қатынасымызды, одақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Біз негізгі басым міндеттердің бірі ретінде Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін қарастырамыз, — деді Михаил Мишустин.

Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы импортты алмастыру бағдарламаларын жүзеге асырудың перспективаларын атап өтті.

— Өнеркәсіпте, машина жасауда, көлік, энергетика, цифрлық экономика салаларында бірлескен жаңа стратегиялық жобаларды іске қосуға жағдай жасалған. Бұл мәселелер біздің Үкіметаралық комиссияның тұрақты бақылауына алынған, — деді Мишустин.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

Келесі жаңалық

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда
Саясат

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

26 июня, 2026
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Басты

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

14 июня, 2026
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды
Басты

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

13 июня, 2026
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды
Басты

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды

13 июня, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
Келесі жаңалық
Қазақстанда кейінгі тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбай жайлы тың деректер

Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбай жайлы тың деректер

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

21 июня, 2023
Алматыда ХҚКО-лар жұмыс істей бастады

Алматыда ХҚКО-лар жұмыс істей бастады

11 января, 2022
Сенаторлар Маңғыстау мұнайшыларымен АЭС құрылысының маңызы жөнінде пікір алмасты

Сенаторлар Маңғыстау мұнайшыларымен АЭС құрылысының маңызы жөнінде пікір алмасты

21 сентября, 2024

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.