Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл туралы Бағдат Мусин Facebook-парақшасында мәлім етті.
– Маған кез келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі – Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сондықтан мен экономика саласының білікті маманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым, – делінген жазбада.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз