Құрығы нық байланған кедейшілік бүгінде әр мемлекеттің басты тірегі – сапалы білім алудың қолжетімсіздігіне алып келді, деп хабарлайды Qazaqpress
Біріккен ұлттар ұйымының кедейшілікті азайту бағдарламасының үйлестірушісі Малин Бергрен Ескі Azattyq-тың 2005 жылдың 7 ақпандық мақаласында Қазақстанда тұрғындардың 20%-і кедейлерге жатқызылса, кедей болуға жақын тұрғандар саны бұдан екі есе көп екенін хабарлады.
Сонымен қатар Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ризахмет Молдажановтың айтуынша, еңбекақыны әлі де көтеруге болады. Кәсіподақ өкілдері жұмыссыздық мәселесі шешілсе, кедейлер санын күрт азайтуға болады деген пікірде болды. Ал еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің бұрыңғы орынбасары Тамара Дүйсенова мұның жуық арада шешілуі екіталай екенін айтқан болатын.
2005 және 2013-2016 жылдар аралығында болған инфляцияның кесірінен қазақстандықтар ауыр экономикалық дағдарысқа ұшырап, құздың шетіне таяп қалғанын тарих беттерінен білеміз. Сондықтан ҚР Бұрыңғы Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» стратегиясында кедейшілікпен күресудің негізгі жолы – күллі халықты жұмыспен қамтамасыз ету керектігін айтты.
Алайда бұл жоспар қаншалықты іске асуда және бүгінгі таңда нәтижесі қандай?
2018 жылы ең бай 52 ел тізімін жасаған Allianz германиялық сақтандыру компаниясының қыркүйек айындағы берген есебіне сай, Қазақстан азаматтары ең кедей мемлекет бестігіне кіргенін хабарлаған болатын.
Әрине, ҚР халықтың жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 4,9%-ті құрады, деп хабарлады finprom.kz. Жұмыссыз отырған халық саны бір жылда 0,6%-ке азайып, 450,4 мың адамды құрағаны рас. Бірақ бір жыл бұрын көрсеткіштің 2,6%-ке өсуі байқалғанын тағы ескерейік.
Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, «ақылы түрде оқитын студенттер оқуына төлеу үшін қаражатты қайдан тауып жүр?», – деген орынды сұрақ туындайды. Нақты жауап жоқ. Себебі әр студент өз оқуына өзі ақша табу тиіс. Қарапайым касса қызметінен жезөзкшелікке дейін түрлі қаражат табу мүмкіндіктері бар. Айта кетелік, қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейманов Facebook парақшасында Қазақстанда жезөкшелікпен айналысуға рұқсат етілгенін айтқан.
«Қазақстанда жезөкшелікпен айналысу рұқсат етілген. Жезөкшелік үшін айыппұл туралы бап Қазақ КСР мен Қазақстанда 1987 жылдан 2001 жылға дейін ғана болған. Кеңес заманында 100 рубль айыппұл қарастырылған. Ресейде бұл жаза сақталды. Бірақ айыппұл мөлшері 2000 рубльге дейін өсті. Яғни, Ресейде Қазақстанға қарағанда жезөкшелікке тыйым салынған. Қазақстанда 2001 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі енгізілген болатын. Ал анау бап жоқ. Осы кезден бастап жезөкшелік тыйым салынған емес, заңды әрекетке айналды деп болжауға болады. Кейбір баптар жоғалып кететін кездер болады – адвокаттарда бәрін бірдей бақылап отыруға уақыты бола бермейді ғой. «Жаза ретінде қазір ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» туралы заң бар», – деді Ж.Сүлейменов.
Жұмыс үшін оқиды ма? Оқу үшін жұмыс істейді ме?
Әзірге 2022 жылға өзекті жастардың арасындағы жезөкшелікке қатысты нақты деректер жоқ, бірақ Нұр-Сұлтан қаласындағы Учхоз Интернационалды шағын ауданында КазАТУ ЖОО-ның Армандастар 2/2 көшесінде орналасқан 6-шы жатақханасының тұрғындары баяндаған келеңсіз оқиғалардың негізінде-ақ студенттер үшін ақылы оқу құнының тым жоғары екенін, әсіресе, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің тексеру комиссиясының қырағылығынан таса кететін жергілікті жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін ауыр жүк екенін мойындау керек.
Ақпаратты берген адам өзін жариялағысы келмейтінін ескертті
А есімді студенттің айтуынша, 2020 жылы елдің өзге аудандарынан келген түлектерді дәстүрлі насихаттау бағдарламасы арқылы университет оқуға шақырған, бірақ жатақханада ақылы түрде оқитын студенттер оқуына төлей алу үшін көп түрлі жұмысқа орналасуға мәжбүр болды. Ең қызығы, ҚР екінші Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың мәлімдемесіне сай білім алушылар дәстүрлі форматқа көшуі керек еді, бірақ сол шешімге байланысты ЖОО-да мүлде жағдайлар жасалмаған және бастау да жоспарда болған жоқ көрінеді. Студенттер ақтық емтихандарына кітапханадан оқулықтарды алып, оқуға құқылы болғанмен, карантин шаралары толық алынбаған жергілікті оқу орындарында онлайн дайындалуға тура келді, ал елордадан жырақ орналасқан оқу орнында байланыс нашар болды. Оған қоса, білім алушылар бір жағынан сыртқа шығып, жұмыс істей алмады, ал екінші жақтан жатақхана баскөзі (коммендант) студенттерді уақытылы келмегені үшін шығарып тастаумен бопсалаған.
Үнемдеуге дейін қымбат
Әрине, бүгінгі таңда «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарының түлектерін Жастар тәжірибесі, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы, «Ұрпақтар келісімі» жобасы арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары қарастырылған. Бірақ, жергілікті аудандардан ағылып келген студенттерге оқуы үшін жылына 1 млн. аса төлем төлеуі оңай ма?
Қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтегі орны мынадай:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 175;
- Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 328;
- М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 482;
- Сәтбаев университеті (Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) – 501 – 510;
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) – 551-560;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 551 – 560;
- Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 601 – 650;
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті – 751 – 800;
- Қазақ-Британ техникалық университеті – 801 – 1000;
- КИМЭП университеті – 801 – 1000;
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 801 – 1000;
- Академик Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – 801 – 1000;
- Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – 1201+;
- Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – 1001 – 1200.
Жалғыз тек Еуразия ұлттық университетінде 1 студенттің оқу ақысы шамамен 2,5 млн. теңгені құрайды. Жылына университетке 14 облыстан 75 мыңға жуық болашақ студенттер грантқа ұсыныс береді, Білім және Ғылым мипистрі Асхат Аймағамбетовтың мәлімдемесі бойынша, 2021 ж. оқу жылында 56 мың грант бөлінген. Ал қалған 20 мың студент ақылы түрге түседі. Демек, университет жылына 50 млн. табыс таппақ.
Қорытынды
Осы ақпаратты ескере отырып, «неліктен әлі күнге дейін ескі корпустардың орнына жаңалары салынбаған?», – деген сұрақ тағы туады. Егер pk.uchet.kz контрагент тексеру сайтының мәліметіне сүйенсек, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ коммерциялық емес акционерлік қоғам. Ондай болса 50 миллиондық жылдық табыс қайда кетуде? Сұрақтың артынан сұрақ туады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз