Нұр-Сұлтан мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды
9 мамыр күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 9 мамыр, дүйсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау және Петропавл қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.