Алматы онкологиялық орт орын алады, мысалға, алығының онколог-дәрігері Камиль Хаширов Алматыда анықталған қатерлі ісіктердің 3,6 пайызын бүйректің қатерлі ісігі құрайтынын атап өтті. Маманның айтуынша, бүйрек ісігі негізінен 50-70 жас аралығындағы адамдарда кездеседі, дегенмен бұл ауру жасөспірімдерде, тіпті балаларда да кездеседі.
Тек 2021 жылдың өзінде алғаш рет бүйректің қатерлі ісігімен 164 адам есепке тұрған. Бұл аурумен 1116 науқас есепте тұр.
«Бұл ісіктің дамуының кейбір факторлары болып темекі шегу, артық салмақ, ауырғанды басатын дәрілерді көп пайдалану саналады, сондай-ақ, кәсіптік факторлар, мысалға, металлургиялық өнеркәсіптегі, былғары өндірісіндегі және т.б. жұмысшылар арасында бұл аурудың қаупі жоғары болмақ. Сондай-ақ, отбасылық бүйректің қатерлі ісігі жағдайында туындайтын генетикалық факторлар орын алады, мысалы, Фон Хиппел-Линдау синдромы.
Мұндай жағдайларда аурудың жас кезінде дамуы, екі бүйректе де ісіктердің жиі асқынуы және бүйректе көптеген қатерлі ісік ошақтарының пайда болады- деп атап өтті онколог. Бүйректердің адам денесінің тереңінде орналасқанын атап өту жөн, көбінесе ісіктер өте ұзақ уақыт бойы өсіп, оларды алдын ала байқағанға дейін үлкен болып өсе береді. Маманның айтуынша, бүйректің ұатерлі ісігінің ең жиі кездесетін белгісінің бірі болып несепте қанның пайда болуы. Соңынан, несеппен бірге ұйыған қан болып ағатын несеп жолында қанның ұйылып қалуының салдарынан бүйрек орналасқан жер қатты ауырсынады. Бел омыртқа жақтың ауырсынуы көбінесе бүйректің қатерлі ісігінің басталуы. Сондықтан да, онколог алдын ала тексерістн өту жайлы тағы да ескереді. «Медициналық тексерістен өтуден қорықпау керек. Алғашқы сатысында анықталған қатерлі ісік тез емделеді және де толығымен емделеді. Алғашқы сатыдағы диагнозды анықтау- бұл соңғы кесім емес, керісінше, осы аурумен күресіп құтылу мүмкіндігі мен болашақта жарқын өмір сүру»- деп сөзін аяқтады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз