Прокуратура: Қаңтар оқиғасына қатысты 627 күдікті қамауда отыр
Қаңтар оқиғасына қатысты сот санкцияларымен 627 күдікті адам қамауда отыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.
«Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабарлайды. Бұлтартпау шараларды жеңілдету бойынша тоқталсақ, бүгінгі күні тергеу органдарының іс жүргізуінде аталған санатта 4 849 іс бар. Сот санкцияларымен 627 күдікті адам қамауда. Біз бұған дейін қолданылған бұлтартпау шараларын жеңілдету бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз», — деді Е. Қилымжанов.