Алма Мұқанова әділет вице-министрі болып тағайындалды

Алма Мұқанова әділет вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы 18 сәуірде Қазақстан үкіметінің Telegram-каналында жазылды.

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанова ҚР әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Пан Наталья Виссарионовна басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылады, — делінген хабарламада.