«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды
Алматыдағы ақылы автотұрақтарды қадағалайтын «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqpress Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», — делінген хабарламада.