Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Шыны зауытының 200 қызметкері Болат Назарбаевтың адамдарының басқыншылығынан сескеніп, қарсы шықты

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
8 апреля, 2022
Шыны зауытының 200 қызметкері Болат Назарбаевтың адамдарының басқыншылығынан сескеніп, қарсы шықты

Адамдар жұмыс орындарын қорғап, бас директорды қолдау үшін кәсіпорын ғимаратының кіреберістерін жауып тастады, деп хабарлайды Qazaqpress Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Зауыт кіреберісіндегі көшеде халық қатар-қатарынан тізбекке тұрып алды. Олар сақтықпен жан-жағына қарап, бейтаныс адамдардың барлығын мұқият тексеріп тұрды. Олар таксиге мінген Orda.kz редакциясына да сенімсіздікпен қарады. Түсіру тобының келгенін білген жұрт аздап тынышталды, бірақ сонда да жолдан біреуді іздеп жан-жағына қарауды жалғастырды.

«Бізге кәсіпорынды басып алу әрекеті болуы мүмкін деген хабар келді. Сондықтан зауытымызды қорғауға шықтық. Өйткені біз мұнда оның ашылуынан бері жұмыс істеп келеміз және бір отбасы іспеттіміз. Мұнда 500-ге жуық адам жұмыс істейді», – деді зауыт дәрігері Светлана Харченко мән-жайды түсіндіріп.

«Зауыт салынып жатқан кезде де Назарбаев әулеті бопсалап, қорқытқан. Және бұл хаос әлі жалғасуда. Мұны тоқтататын уақыт келді, олардың уақыты аяқталды. Біздің бас директор барлығына мұқият. Ол ылғи істің қалай жүріп жатқанын білу үшін келіп тұрады. Ал, енді бей біреу келіп, бәрін алып қойғысы келіп тұр. Олар мұнда ең болмаса бір тиын салды ма?». – деді зауыт механизаторы Расул Мамедов.

«Қазіргі директор осы зауыттың жұмысына бар жанын салды. Бізді тегін тамақпен қамтамасыз етті, кәсіпорын аумағында жеке баспанасы жоқтарға жатақханалар бар. Барлық жағдай жасалған. Біз көп болсақ та, жұмысшылардың барлығын көзінен-ақ таниды. Мен жалғыз басты анамын, айлығым жеткілікті. Біздің ауылда негізінен жұмыс істеу қиын. Соңына дейін шыдаймыз», – деді ауысым бригадирі Раиса Асанова.

Шыны зауытындағы орташа жалақы шамамен 150 мың теңгені құрайды.

Рейдерліктен сақтылық

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Көпшіліктің арасынан: «Келді, әне, келді!» деген лептер естілді. Тұраққа қойылған екі внедорожниктен төрт адам түсіп, зауытқа қарай ақырын аяңмен басып келді.

Олар жақындап келіп, зауыт жұмысшыларына таңдана қарады. Олардың алдынан өндірістік бөлімшесінің бастығы Андрей Игонин шығып, екеуінің арасында диалог құрылды.

«Біз рейдерлік басып алу болады деп қорқамыз», – деп бастады Андрей Игонин диалогты.

«Қараңдаршы, сіз қанша, біз қаншамыз», – деп мысқылдап күлді келгендер.

Алайда, зауыт жұмысшылары қалжыңждасатын жағдайда болған жоқ.

«Мұнда ешкім сіздерді ұстау үшін келген жоқ. Біз заңға сәйкес әрекет етеміз. Бізде осы жиналысты шақырған екінші құрылтайшының өкілі бар. Осы жиналыс нәтижесінде, бізде жарғылық капиталынан шыққан үлесі бөлініп, берілетін тұлға бар. Директорыңыз келіспесе, өз талаптарын қойып, келіспеуі мүмкін, ал одан кейін сот шешеді», – деп түсіндірді жаңа құрылтайшының мүддесін қорғайтын заңгер Дулат Ахмадиев.

Зауыт қызметкерлері жаңа құрылтайшы келісімен, кәсіпорын сатылып, банкротқа ұшырап немесе белгісіз себептермен жабылып қала ма деп қорқады. Олай болатын болса, барлығы жұмысынан айырылуы мүмкін.

Ескі және жаңа құрылтайшы

«Алматы Стекло» ЖШС құрылтайшылары Әзім Абдуллаев пен Елбасының ағасы Болат Назарбаев. Абдуллаев өзінің берген сұхбатында зауытты іскер ағаларымен бірге салғанын айтты. 2016 жылы кәсіпорын іске қосуға дайын болды, тек балқыту пешін іске қосып, жұмысқа кірісу ғана қалды. Алайда директорға Болат Назарбаев пен оның туыстарынан «бөлісу керек» деген қорқытулар келіп, қоқан-лоққылық көрсетілген.

«Сол күннен бастап ол зауыттың жартысына ие болды. Бізге тиіспесін деп қомақты ақша беруге де тура келді. Олар бізді ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыптаймыз деп қорқытты. Ал, негізі ол мұнда бір тиын да салған жоқ. Ол мүлдем көмектеспеді», – деп әңгімелеп берді Әзім Абдуллаев.

Кәсіпкердің айтуынша, ол Болат Назарбаевты кеңестік кезеңнен бері біледі. Екеуі де Қаскелең қаласында тұратын. Ол Қазақстанның экс-президентінің ағасына 2000-жылдардың аяғынан бері бағынуға мәжбүр болды. Абдуллаев зауыттан келетін табыс ақшасын Елбасының ағасының кеңсесіне өзі алып келіп отыратын.

«Кейде мен келгенде, ол мені дөрекі түрде қуып та жіберетін: «Есіктің сыртында күт, сосын кіресің» деп. Бірақ көбінесе Назарбаевтың ағасы сыпайы болды», – деп еске алды Абдуллаев.

Әзім Абдуллаев белгілі бір артықшылықтар үшін ақша берген болуы мүмкін. Алайда зауыт иесінің айтуынша, олар оны тек тірі банкомат ретінде көрген.

«Мен ай сайын барлық бизнес нысандарымыздан 300 мың долларға дейін ақша беретінмін», – деді Әзім.

Шыны зауытының директоры Болат Назарбаевқа 15 жыл ішінде шамамен 60 миллион доллар төлегенін айтты.

Түрлі деректерге сүйенсек, Болат Назарбаев шетелге кеткен. Елбасының ағасы өз үлесін сыйға тартқан адамның айтуынша, енді ол жаңа құрылтайшы болады екен.

«Мен Болат Назарбаевты жақсы білемін. Бізде жазбаша онымен жасалған келісім бар. Мен барлық мәселелерді талқылайтын жиын өткізуді ұсынамын», – деді Руслан Шалин.

Сондай-ақ ол Қостанай облысында жеке кәсібі бар екенін де айта кетті. Алайда, неліктен Назарбаев оған мұндай жомарт сыйлық жасады деген сұраққа Руслан Шалин жауап бермеуді жөн көрді.

Табысты бизнес

Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан шыны зауытында 400-ден астам адам жұмыс істейді. Ол жылына орта есеппен 100 миллион түрлі бөтелкелер мен консервілерді шығарады.

Шыны ыдыстары отандық тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерге жөнелтіледі.

Компания жыл сайын шамамен 5 млн доллардан астам табыс табады. Алдағы уақытта зауытты кеңейту жоспарлануда. Жаңа пеш өнімділікті екі есе арттырып, сонымен қатар жұмыс күшін көбейтеді.

«Алматы Стекло» ЖШС-нің қазіргі иесі зауыттың толық қожайыны болуға тырысып қана қоймай, Болат Назарбаевтың қалтасына түскен ақшаның тым болмаса жартысын қайтаруды көздеп отыр. Ол қазірдің өзінде құқық қорғау органдарына арыз жазып, жауабын күтіп отыр.

Tags: АлматыНазарбеврейдерлік
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Димаш Құдайберген Джеки Чанды туған күнімен құттықтады

Келесі жаңалық

Головкин — Мурата жекпе-жегіне тікелей трансляция

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
Категориясыз

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

17 июля, 2026
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Категориясыз

Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай

16 июля, 2026
Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде
Категориясыз

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

16 июля, 2026
Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды
Категориясыз

Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды

16 июля, 2026
OLX.kz пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуде: прокуратурамен бірлескен жұмыс
Категориясыз

OLX.kz пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуде: прокуратурамен бірлескен жұмыс

16 июля, 2026
Категориясыз

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

15 июля, 2026
Келесі жаңалық
Головкин — Мурата жекпе-жегіне тікелей трансляция

Головкин - Мурата жекпе-жегіне тікелей трансляция

Головкин Муратаны нокаутқа түсірді

Головкин Муратаны нокаутқа түсірді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Қазақстанда 83 мыңнан аса адам вакцина салдырды

18 марта, 2021
Қазақстанда расымен зейнет жасын қысқартуы мүмкін

Қазақстанда расымен зейнет жасын қысқартуы мүмкін

13 мая, 2022
Пәтер күте тұрады: неге жастар жалға алуды және еркіндікті таңдайды

Пәтер күте тұрады: неге жастар жалға алуды және еркіндікті таңдайды

28 апреля, 2026

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
  • Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай
  • Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.