Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XIII Қысқы Паралимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсеткен Герлиц пен екі жаттықтырушыны «Құрмет» орденімен наградтады, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейжің қаласындағы XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін Герлиц Александр Александрович, Жданович Антон Владимирович, Коломиец Василий Сергеевич «Құрмет» орденімен наградталды», — делінген хабарламада.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз