Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Қоғам

Михаил Ломтадзе: «Болмайтын іспен айналысуды доғару керек»!

admin by admin
14 марта, 2022
Михаил Ломтадзе: «Болмайтын іспен айналысуды доғару керек»!

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушы арам пиғылдылар туралы пікір білдіріп, сүйікті клиенттерін қауесетке сенбеуге шақырды

Байланысты

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушы Михаил Ломтадзе сүйікті клиенттеріне үндеу жолдады. «Біз ешқашан сүйікті клиенттерімізді қиын жағдайға қалдырған емеспіз және қалдырмаймыз. Бізге сенім артқандарыңыз үшін әрқайсыңызға рахмет!», — деді ол. Михаил сондай-ақ

көре алмаушылар мен  арам пиғылдылардың Kaspi туралы таратып жатқан кезекті қауесетін «ақымақтық» деп атады.

Видеоүндеу Михаил Ломтадзенің Youtube-тегі ресми каналында жарияланған. Төменде үндеудің толық мәтінін ұсынамыз.

«Біздің сүйікті клиенттеріміз,

Соңғы бірнеше күннен бері Kaspi туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бізге бұл туралы  шағымдар келіп түсе бастады.

Мен бірден бұл кезекті миға сыймайтын қауесеттер туралы  жеке пікір білдіргенді жөн санадым.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бірінші, Kaspi-дің банкроттығы туралы хабарламалар.

Бұл нағыз далбаса.

Мен Kaspi компаниясын 2007 жылдан бастап, 15 жылға жуық басқарып келемін. Біздің жетістіктеріміз бен жұмысымыз үшін жеке жауаптымын. Біз еліміз үшін көп нәрсе жасадық, клиенттеріміз бізді жақсы көреді, мұндайда көптеген арам пиғылдылар мен жаман адамдар қызғанышпен қарап,  ақша төлеп, өтірік қауесет таратып, арандатушылық ұйымдастырып, бәрін бүлдіруге тырысатыны анық.

Біз ешқашан сүйікті клиенттерімізді қиын жағдайға қалдырған емеспіз және қалдырмаймыз. Бізге сенім артқандарыңыз үшін әрқайсыңызға рахмет! Біз әрқашан еліміздің, қазақстандықтардың және әрбір сүйікті клиентіміздің игілігі үшін жұмыс істейміз.

Екіншіден, Қазақстандағы қолма-қол доллар тапшылығы туралы.

Бірден айтайын, бұл Ресейге қарсы санкцияларға тікелей байланысты уақытша құбылыс, соның салдарынан әдеттегі бағыттар бойынша қолма-қол ақшаны жеткізу қиынға соғуда.

Мысалы, Украина мен Ресейді айналып өту салдарынан тұрақты рейстердің уақыты ұзарып кеткенін немесе мүлде тоқтап жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Бұл қолма-қол ақшаны жеткізуге бойынша да осындай мәселе бар.

Ұлттық банк қазір АҚШ-тан тікелей жеткізуді ұйымдастырумен айналысып жатыр және жақын арада қолма-қол ақша әкелуге уәде берді.

Бұл уақытша тапшылық тек қолма-қол валютаға қатысты. Көріп отырғаныңыздай, доллармен қолма-қол ақшасыз операцияларды еркін жасауға болады. Бұл жағдайдың теңгеге мүлдем қатысы жоқ.

Үшінші, Қайрат Сатыбалдының кешегі тұтқындалуына қатысты.

Бізге клиенттер тарапынан бұл туралы сұрақтар болған жоқ. Бірақ біздің жауларымыз осы фактіні пайдаланып, біз туралы тағы да жағымсыз пікір айтуға тырысатынына сенімдімін.

Сондықтан мен бұл туралы алдын ала пікір білдіргім келеді. Қайрат Сатыбалдының Kaspi-мен 4 жылдан беру мүлдем қарым-қатынасы жоқ. Ол 2015-2018 жылдар аралығында қысқа уақыт аралығында Kaspi акционерлерінің бірі болды.

Kaspi-дің жетістігі ең алдымен, біздің команданың еңбегі. Біздің көптеген компаниялардан айырмашылығымыз бізде мемлекеттің арзан ақшасы жоқ, мемлекеттік компаниялардың қызметкерлерін жалақы алуға тартқан жоқпыз, бізде мемлекеттік компаниялардың депозиттері жоқ және мемлекеттен ақшаны мүлде алмаймыз.

Мемлекет үшін іске қосып жатқан қызметтердің барлығын өз қаражатымыз есебінен тегін, ел игілігі үшін жасаймыз. Ең жарқын мысал — сіздердің көпшілігіңіз қолданатын Kaspi.kz қосымшасындағы Мемлекеттік қызметтер сервисі.

Сөз соңында, мен біздің арам пиғылдылар мен қаскөйлерге айтқым келеді!

Ақымақтықпен айналысуды доғарыңыздар. Өз мақсаттарыңызға жету үшін Kaspi туралы жалған қауесет таратып, уақыт пен ақшаны босқа ысырап етудің орнына, мемлекет пен Қазақстан халқының игілігі үшін еңбек етіңіз. Сол үшін сізді көбірек құрметтейтініне сенімдімін!

Бізбен бірге болған сүйікті клиенттерімізге тағы да рахмет. Біз сіздерді жақсы көреміз, құрметтейміз және сізді ешқашан қиын жағдайға қалдырмаймыз. Және қазақстандықтар жақсы өмірге лайық деп есептейміз. Бүгін біздің барлығымызда болашақ ұрпақ үшін жаңа Қазақстанды құру мақсатымен бірігудің тамаша мүмкіндігі бар!

Уақыттарыңызды алғаным үшін кешірім сұраймын. Мен сүйікті клиенттеріміз бен еліміздің игілігі үшін ары жұмыс істей беремін!».

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Қазақтелеком»: Қуанышбек Есекеев жұмыс орнында

Келесі жаңалық

Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы
Қоғам

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

26 июня, 2025
Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды
Қоғам

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

12 июня, 2025
“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды
Қоғам

“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды

12 июня, 2025
Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген  балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда
Басты

Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда

2 мая, 2025
Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды
Технология

Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды

25 апреля, 2025
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті
Қоғам

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті

23 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 598 адам жұқтырған

Кейінгі тәулікте 54 адамнан коронавирус анықталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті

«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті

26 февраля, 2024
FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады

FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады

10 ноября, 2025
Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

11 декабря, 2025

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.
  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.