«Қазақтелеком»: Қуанышбек Есекеев жұмыс орнында

«Қазақтелеком»: Қуанышбек Есекеев жұмыс орнында

«Қазақтелеком» әдеттегідей жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қуанышбек Есекеев жұмыс орнында. Бұл туралы компанияның коммуникациялар департаментінің директоры Сара Бәкірова айтты.

«Бірінші басшы жұмыс орнында. Бүгінге кеңестер, оның ішінде құрамына Қуанышбек Есекеев кіретін «Қазақтелеком» АҚ директорлар кеңесін өткізу жоспарланған», — деді Бәкірова.

Еске салсақ, бұған дейін қылмыс жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.