Тоқаев АҚШ үкіметімен келісімді ратификациялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ үкіметімен салық тәртібі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.