Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 525 теңгеге жетті

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 525 теңгеге жетті

Қазақстанда доллар қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE қор биржасына сілтеме жасап.

Kurs.kz мәліметтері бойынша, сағат 12.25-те Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны 522-525 теңгеден сатып, 517-519 теңгеден сатып алып жатыр. Еуроны 573-578 теңгеден сатады, 566-571 теңгеден сатып алады.

Нұр-Сұлтанда долларды сату бағамы 521-522 теңге аралығында, сатып алу — 516 теңге. Бұл жағдайда ақша алмастырғыштардың көпшілігі валюта саудасын тоқтатқан. Еуроны 570-571 теңгеден сатады, 560-564 теңгеден сатып алады.