Қазақстанда доллар қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE қор биржасына сілтеме жасап.
2 наурыздың таңғы сессияның қорытындысы бойынша, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 492,21 теңге болды. Бір тәулікте бұл көрсеткіш 6,68 теңгеге өскен.
Kurs.kz мәліметі бойынша, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 491,54 теңгеден сатылса, сатып алу – 496,58 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 492,23 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 495,72 теңге.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз